Физика пәнін оқыту: тәжірибе, сапа, нәтиже, кәсіби бағыт-бағдар

Жамбыл-«Өрлеу» ұйымдастыруымен физика пәнінің мұғалімдеріне арналған  «7-9 сынып оқушыларының білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру контекстінде физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өткізілуде.  Курс бағдарламасы  мектеп курсының ең күрделі  тақырыптары бойынша физика мұғалімдерінің пәндік, әдістемелік құзыреттіліктерінің сапасын арттыруға бағытталған. Курс аясында аға оқытушы Э.Б.Мирзалиева физика мұғалімдеріне іріктелген он бір күрделі тақырыптардың орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына сәйкес теориялық, практикалық негіздері мен оқыту әдістемесі бөлігінде пәндік құзыреттерді жетілдіруге бағытталған білім беруде. Курс тыңдаушыларымен кездескен Кәсіби даму институты әдіскері Л.Ш.Утеулиева пәнді оқытудың күрделілігі, кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында пәнді таңдауға оқытушылардың көп көңіл бөлетіндігі, осы пәнді оқыту сапасын арттыру туралы пікірлерімен бөлісті. Курс соңынан жүргізілетін әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру туралы ұсыныстар берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар