17 ақпанда Астанада Өрлеудің оқытушыларына арналған «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» және «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс» тақырыптарында оқыту курстары басталды.
«Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» курсына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалынан 6 тренер қатысып жатыр. Курста халықаралық спикер, білім беру өлшемдері және психологиялық тестілеу саласындағы халықаралық эксперт, PhD Арнольд Дж. Брауэр қатысушылардың назарына білім беру процесінде бағалаудың заманауи әдістері мен құралдарын тиімді қолданудың жолдарын ұсынды. Сонымен бірге, психометриялық талдау әдістерін, білім беру нәтижелерін өлшеу мен бағалаудың сенімділік деңгейін арттыруға арналған стратегияларды таныстыруда.
Оқыту курсының бағдарламасында:
– жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен бағалаудың теориялық және нормативтік негіздері;
– критериалды бағалау теориясы мен тәжірибесі;
– оқу тапсырмаларының жіктелуі;
– формативті және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар;
– оқу тапсырмаларының сапасын бағалау мәселелері қамтылады. Өрлеу тренерлеріне білім көкжиегін кеңейтіп, кәсіби шеберлігін шыңдау мүмкіндігін ұсынған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқармасына алғысымызды білдіреміз!


