Қостанай облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы білім беру ұйымдарын әдістемелік қолдау жоспарына сәйкес Қостанай қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-сарапшыларымен бірлесіп, Қостанай ауданы білім бөлімінің Жданов жалпы білім беретін мектебінде флеш-семинар өткізілді.
Флеш-семинарға гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерінен құрылған екі топ қатысты.
Флеш-семинарда қарастырылған өзекті мәселелер:
негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру;
пән мұғалімдерінің оқыту әдістемесін жетілдіру.
Флеш-семинар барысында:
LS топтарының өзекті мәселелер бойынша жұмысының күтілетін нәтижелері анықталды.
*Шағын жинақталған ауыл мектебінің біріккен сыныптардағы оқыту проблемалары анықталып, нақты зерттеу тақырыптары қарастырылды.
Lesson Study мазмұны мен кезеңдері бойынша зерттеу сабақтарын жоспарлау бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.