Өрлеу Алматы аға оқытушысы Әсел Сабиханова 2025 жылдың 24-28 ақпаны аралығында Петропавл қаласындағы Өрлеу СҚО филиалында «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында мақсатты мектептердің педагогтеріне арналған базалық деңгейдегі курстар өткізді.
Оқушылардың тек фактілерді жаттап қана қоймай, карталармен саналы түрде жұмыс істеуіне, деректерді талдауға және шешім қабылдауға қалай көмектесуге болады?
Географиялық тапсырмалар арқылы зерттеу дағдыларын және сыни ойлауды қалай қалыптастыруға болады?
Географияны тек пән ретінде емес, әлемді танудың кілтіне айналдыратын қандай әдістер бар?
Функционалдық сауаттылық – бұл тек оқу мен жазуды білу ғана емес, сонымен қатар өмірді түсіндіру үшін білімді қолдана білу. География сабақтарында оқушылар ақпаратпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға, табиғи және әлеуметтік процестерді болжауға үйренеді.
Курс аясында:
Оқу үдерісінде интерактивті карталар мен геоақпараттық технологияларды қолдану бойынша шеберлік сыныптары;
Зерттеу тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемелері бойынша оқыту;
Нақты өмірлік жағдайларға бағытталған кейстерді талдау мен сабақтар бойынша мұғалімдерге арналған практикалық жұмыстар өтеді.
Курста қатысушылар заманауи оқыту тәсілдерін меңгеріп, интерактивті әдістерді талдап, функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған практикалық құралдарды алады.
Мұндай курстар педагогтердің біліктілігін арттырып қана қоймай, география сабақтарын практикалық бағыттауға, оқушылардың жүйелі ойлауын дамытуға және білімді күнделікті өмірде қолдануға үйретеді.

- 03 Мар
- 2025