“Формирование читательской грамотности в среднем и старшем звене на уроках русского языка и литературы” тақырыбында шебер сынып

2024 жылдың 08-19 сәуір күндері Түркістан облысы Жетісай ауданы N20 ЖОМ базасында “Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы” тақырыбында біліктілікті арттыру курсы болып өтті. Курс барысында “Өрлеу” БАҰО “АҚ” Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты” филиалының аға оқытушысы Абдирахманова Индира Сабитқызы теориялық білім мен практикалық жаттығуларды қолданып курс тыңдаушыларының сұрақтарына кері байланыс жасады. Курс тыңдаушылары “N11 “Жеңіс” мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Абдрахманова Гульнара Мандесовна “Формирование читательской грамотности в среднем и старшем звене на уроках русского языка и литературы” тақырыбында мастер-класс көрсетіп, мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді тұстарымен таныстырды. N20 ЖОМ орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ж. И. Бижанова орыс тілі пәні бойынша пайдаланатын дидактикалық материалдар мен жаңартылған бағдарлама мазмұнындағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Курс тыңдаушысы Ботакөз Сыздыкова “N11 “Жеңіс” мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әлебиеті пәні мұғалімі “Цифровой урок: сервисы и инструменты для комфортной работы на уроках русского языка и литературы” тақырыбында түрлі әдіс тәсілдермен шебер-сыныбын көрсетті. Тренер Абдирахманова Индира Сабитовна кері байланыс жасап, іс-шараны қорытындылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар