Функционалдық оқу сауаттылығын дамытуға арналған workshop-семинар

Атырау қаласындағы №40 мектеп базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Оқу функционалдық сауаттылығын дамыту: мәтінді түсіну, интерпретациялау және өмірлік жағдайларда қолдану» тақырыбындағы workshop-семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу тапсырмаларын орындауға бағытталған әдістер мен тәсілдерді тиімді таңдау, сондай-ақ оқушылардың оқу дағдыларын жетілдірудің түрлі жолдарын меңгеру арқылы мұғалімдердің тәжірибесін байыту болды.

Семинар барысында қатысушылар:
• Оқушылардың оқу дағдыларын дамытудағы негізгі қиындықтарды талқылады;
• Мәтінмен жұмыс жасаудың тиімді әдістерін қарастырды;
• Сабақ мақсаттарын айқындаудағы маңызды критерийлерді (тапсырма түрі, жұмыс формасы, стратегиялар) анықтады.

Сонымен қатар мұғалімдер келесі бағыттар бойынша пайдалы ақпарат алды:
🔹 Функционалдық оқу сауаттылығын дамыту құралдары мен технологиялары:
• BBC Learning English, Breaking News English, British Council секілді онлайн-платформалар;
• Kahoot, Quizlet, LearningApps сияқты интерактивті жаттығулар;
• Оқушылардың өздері құрастыратын шағын мәтіндер.

Семинар жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді әдістерді тәжірибеде қолдану бойынша нақты ұсыныстар алды.

Семинарды өткізген – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты Гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы – Майя Салауатқызы Ажигұлова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар