Функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша вебинар ұйымдастырылды

📚2022 жылғы наурыздың 16-жұлдызында «Өрлеу» Павлодардың ұйымдастыруымен облыстық «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу шеңберінде функционалдық сауаттылықты дамыту» атты онлайн вебинар өтті (модераторы «Өрлеу» Павлодар филиалының аға оқытушысы Өміргүл Ертісхан).

📚Іс-шара халықаралық зерттеуге қатысушы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы пән мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту болды. Сексенге жуық облыс ұстаздары Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мұғалімдерінің химия, география, ағылшын тілі пәндерінен оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, жобалау іс-әрекеті негізінде оқушылардың функционалдық графикалық сауаттылығын қалыптастыру бағыттарында бөліскен білім тәжірибесін тыңдап, шыңдалды.

📚Вебинар барысында тыңдаушылар сұрақтар қойып, толыққанды жауаптарды да алып отырды. Қатысушылардың ұйымдастырылған іс-шараға көңілдері толды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар