Қаңтардың 25-і Павлодар облысы Ақсу қаласы Абай атындағы орта мектеп базасында «Жаратылыстану және математика пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараны жергілікті білім беру бөлімі ұйымдастырды.
Оған облысымыздың педагогтері, білім беру бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ Өрлеу-Павлодар филиаланың оқытушылары А. Сураганов пен Ж. Слямова қатысты.
Семинар барысында аталмыш мектептің биология, математика, физика, химия мұғалімдері А. Купряшева, К.Кулсариева, А.Магзумаова, Н. Ризабекқызы, Г. Мнанова, Е. Темірғалиева ашық сабақ өткізді. Ал жаратылысытану ұстазы К. Алдабергенова, математика мұғалімдері Т.Досымбекова мен Л.Конақбаева, география оқытушысы Б. Алиева мен Н. Аңсар жиналған педагогтер үшін шеберлік-сабақтарын көрсетті.
Семинар барысында жаратылыстану циклі пәндерін тиімді оқыту, функционалдық сауаттылықты дамыту және білім алушыларды сыртқы бақылауға дайындау мәселелері қарастырылды.
Семинарға қатысушылар іс-шараның өзектілігі мен әріптестерінің кәсібилігін атап өтті