«Функционалдық сауаттылық және зерттеушілік қабілет: цифрлық ғасырдағы білім алушы бейнесі»

“943 – ЕЛДІҢ МАҚСАТТЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ” жобасы аясында
бүгін Атырау қаласындағы №8 У.Атамбаев атындағы орта мектебінде «Функционалдық сауаттылық және зерттеушілік қабілет: цифрлық ғасырдағы білім алушы бейнесі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

🔹 Семинардың негізгі мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ цифрлық дәуір талаптарына сай заманауи білім алушы моделін қалыптастыру болды.

🔹 Атырау қаласындағы мақсатты мектептердің мұғалімдері бас қосып, өзара тәжірибе алмасты.
🔹 Семинар барысында заманауи білім алушы моделін қалыптастыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту мәселелері талқыланды.
🔹 Ашық сабақтар мен шеберлік сағаттар арқылы мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды, өзара пікір алмасты.

Семинар соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Роза Даулетова қатысушыларға сертификаттар табыстап, алғысын білдірді.

Осындай шаралар педагогтердің кәсіби дамуына үлкен серпін береді! 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар