Функционалдық сауаттылық – оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің негізі

Алматы облысы, Іле ауданы, әл-Фараби атындағы №46 орта мектебінде Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ аға оқытушылары Ляззат Адыбаева және Ляззат Орманбекова Институттың «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының эксперименті бойынша әдістемелік күн өткізді.  Эксперименттің тақырыбы «Функционалдық сауаттылық – оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуі мен жеке қабілеттерін дамытудың тетігі».

Институттың аға оқытушылары мектептің педагогтерімен кездесіп, «Ашық есік» күнінде ұйымдастырылған сабақтарға қатысты. Әдістемелік күнде тренерлер педагогтерге сабақ беру үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша әдістемелік кеңестер берді. Оқушылардың жаратылыстану және математикалық, оқу сауаттылығын дамыту арқылы  функционалды сауатты тұлға қалыптастырудағы пән мұғалімдерінің іс-тәжірибесі ортаға салынып, кері байланыс алынды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар