2024 жылдың 2 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалы мен Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен, Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі базасында «Функционалдық сауаттылық тапсырмаларын оқыту үдерісінде кіріктіру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаhандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесу, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылық- оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету мақсатындағы тәжірибелік семинарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалы «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараға Ордабасы ауданының педагогтері қамтылды. Іс-шараны Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектеп директоры Накипов Майхан Ыдырысұлы, «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиал директорының орынбасары Ахтаев Мухтар Бексұлтанұлы ашты. Семинар педагогтердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру және де шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыт бағдар беру барысында озат тәжірибелерді насихаттау педагогтің іскерліктерін, дағдыларын практикада табысты қолдануын ұйымдастыру функционалдық сауаттылық тапсырмаларын оқыту үдерісінде кіріктіру, пән бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарының проблемаларын талдап, сабақ барысында тиімді әдіс тәсілдерді қолдану жолдары талқыланды. Семинар барысында пән мұғалімдері Тастанбеков Ә., Өтжан Ш., Керімбай Ж., Шошыбаева Н., Әбдіқадыр Е., Зұлпыхар М., Бердишова С., Суюндукова Г.,Жүсіп Г., Төлегенов Ә бағдарлама бойынша коучинг-ашық сабақтар, шебер сынып, тренингтер ұйымдастырды. Практикалық жұмыс барысында семинар қатысушылары тапсырмалар орындап, оқытудағы қиындық аясынан шығу амалдарын талқылауда белсенділік танытты. Өз тәжірибесімен бөліскен, ашық сабақтар, шебер-сыныптарды өткізген педагогтердің іс-тәжірибесін тарату жоспарланды.

- 05 Фев
- 2024