2022 жылдың 19-жұлдызында «Өрлеу»-Павлодар аға оқытушысы Б.А. Жаукенова курстан кейінгі сүйемелдеу аясында «Функционалдық сауаттылық: уақыт талабы және тиімді тәжірибе» тақырыбында вебинар өткізді. Іс-шара қатысушыларының қатарында ү.ж. сәуір айында өткен математика пәні бойынша біліктілікті арттыру курсының қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдері болды.
Онлайн-вебинардың басты мақсаты – заман талабына сай пәнаралық байланысты өмірлік тәжірибелерде қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру болып табылады. Қатысушылар курсқа қатысқан К.Әмірханның «Контекстік есептер білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде», С. Кокумбаеваның «Математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жинағы», Р. Смекенованың «Математика сабағында PISA тапсырмаларын орындау», Г.Кабиеваның «Математикадан функционалды сауаттылыққа дайыдаудын жолдары» тақырыптарындағы ақпартпен, жинаған тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар барысында ұстаздар сынақтан және сараптаудан өткізілген тапсырмалар бойынша мақалалар жазылып, «Педагогикалық Альманах» республикалық журналына тапсырылғанын атап өтті.
Келесі курстан кейінгі сүйемелдеу аясындағы іс-шаралар математикалық сауаттылықты дамыту бойынша инновациялық және ашық алаңдар, мастер-класс, авторлық бағдарламаны қорғау және тапсырмалар жинағын таныстырудан тұратын болады.

