Функционалдық сауаттылық – қазіргі қоғамдағы табысқа жетудің кілті

📣 «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби Даму Институты 19 қараша күні «Функционалдық сауаттылық – қазіргі қоғамдағы табысқа жетудің кілті» тақырыбында Каспий өңірі “Болашақ” колледжі ЖШС базасында семинар ұйымдастырды.🔰Семинардың мақсаты – функционалдық сауаттылықтың құрамдас бөліктері және оларды қалыптастыру әдістері туралы түсініктерін дамыту.🔰Шараның теориялық бөлімінде функционалдық сауаттылықтың қазіргі қоғам өміріндегі маңыздылығы туралы, PISA 2025 бағдарламасының негізгі пәні ретінде биологияны енгізу: 2025 жылы алғаш рет халықаралық PISA (Program for International Student Assessment) зерттеуі биологияға бағытталатындығы, бұл шешім студенттердің өмірлік процестерді түсінуін және қоршаған орта мен денсаулықты қорғаудың нақты мәселелерін шешу үшін білімдерін қолдану қабілетін бағалау қажеттілігінен туындап отырғандығына назар аударылды.🔰Семинардың практикалық Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқытушысы Р.Нұрова өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, педагогтер ағылшын тіліндегі ресурстармен жұмыс жасады.♻️Колледж педагогтері шараға белсенді қатысып, функционалдық сауаттылыққа байланысты тәжірибелерін ортаға салды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар