Ағымдағы жылдың 10-14 ақпан аралығында «Өрлеу»-Жамбыл қызметкері, аға оқытушы Каркабаева Парида мақсатты мектептердің математика пәні мұғалімдеріне «Математика сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында 40-сағаттық біліктілігін арттыру курсын өткізуде.
Курстың мақсаты: орта білім беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыру үшін математика пәні мұғалімдерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Курс барысында тыңдаушылар оқу нәтижелеріне қойылатын заманауи талаптарды терең түсініп, оқу процесіне тиімді кіріктіруге үйренді. Күнделікті өмірде нақты тапсырмаларды шешу үшін геометриялық обьектілерді қолдануды түсініп, айнымалылар арасындағы тәуелділікке нақты тапсырмаларды шешіп, графикалық тапсырмалар арқылы талдап, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін сараланған және дараланған оқыту стратегияларын қолдана отырып, білім беру ортасын құрылымдады. Білім алушылар функционалдық сауаттылық деңгейін ескере отырып, жеке білім беру траекториясын әзірледі. Визуалді моделдерді қолдана отырып, күрделі тақырыптарды түсіндіріп, талдады. Математика пәні бойынша тақырыптарды зерделеу мәнмәтінінде PBL сабағы үшін проблема мен мәнмәтінді анықтады. Цифрлы дәуір педагогикасы тақырыбы аясында курс тыңдаушылары функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзекті мәселелерін талдау барысында өздерінің құнды идеяларымен бөлісіп, іс-тәжірибелерімен алмасты. Тыңдаушылар осы курстан алған білімдерін практикамен ұштастыруды жоспарлауда.