Сіздерді «Педагогикалық идеялар панорамасы-2022» Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауына қатысуға шақырамыз. Конкурсты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастыруда.
Байқауға еліміздің барлық педагогтері қатысады! Ол мектепке дейінгі, жалпы орта, ТжКББ және жоғары оқу орындарындағы 22 номинация бойынша педагогтерді біріктіреді.
Бұл байқау ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген Республикалық және халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының тізіміне енгеніне назар аударамыз.
Төменде сіз үшін QR-код берілген, оның көмегімен сіз республикалық конкурстың ресми сайтына (https://ppi.orleu-edu.kz/) тікелей кіріп, байқаудың Ережесі және шартымен танысып, қатысуға өтінім беріп, конкурстық жұмысты жібере аласыз. Сондай-ақ, сайттан өткен жылдардың үздік бейнесабақтарын көруге болады. Сізге сәттілік тілейміз!