Халықаралық буллингке қарсы күрес күні СҚО Өрлеу-де “Буллингке қарсы іс-қимылдың тиімді жолдары” атты облыстық семинар-тренинг өтті

Халықаралық буллингке қарсы күрес күні СҚО Өрлеу-де “Буллингке қарсы іс-қимылдың тиімді жолдары” атты облыстық семинар-тренинг өтті. Бұл өзекті шара халықаралық және республикалық деңгейдегі сарапшыларды, соның ішінде әдіскерлерді, психологтерді, әлеуметтік педагогтерді және мектеп мұғалімдерін жинады.
Семинардың негізгі идеясы – білім беру ұйымдарында қауіпсіз және қолдау көрсететін оқу ортасын құру үшін қажетті практикалық дағдыларды жетілдіру.
Шақырылған спикерлер балалар мен жасөспірімдер арасында буллингті анықтау және алдын алу бойынша жұмыс тәжірибелері және құнды білімдерімен бөлісті.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ әдіскері Екатерина Галата өңірдегі буллинг бойынша статистиканы айтып, білім беру ұйымдарында осы құбылысқа байланысты негізгі проблемаларды атап өтті.
Буллинг тақырыбында балалармен диалог ұйымдастыру және өзара іс-қимыл стратегиялары туралы аға оқытушы, рухани-адамгершілік білім беру тренері, КЕАҚ ICU Ассоциациясының Халықаралық Коуч Альмишева Айнагүл Жәкенқызы құрбандар мен агрессорлардың ұстанымдарын талдай отырып, GROW техникасы мен буллинг жағдайларындағы өзара іс-қимыл стратегиясы бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Тәжірибелі-психолог және «Көмек» тренинг-орталығының негізін қалаушы Ғалия Баязитова, қатысушыларға осындай жағдайлардың динамикасы мен салдарын тереңірек түсінуге көмектесіп, буллингтің өмірлік кейстерімен жұмыс жүргізді, сондай-ақ, пайдалы психологиялық епті тәсілдерімен бөлісті.
Онлайн форматта «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға ғылыми қызметкері Ирина Калачева ҚР Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алуға бағытталған «ДосболLIKE» бірегей буллингтің алдын алу бағдарламасының апробациясы туралы айтып берді.
Іс-шараның басты ерекшелігі Таллин Ляэнемере гимназиясының Радда Шустров әріптесіміздің баяндамасы болды. Қатысушыларға Эстонияның бүкіл Еуропадағы мектептерде буллинг деңгейін сәтті төмендететін Kiva бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша буллингтің алдын алудың заманауи тәсілдері мен тиімді жолдарын интеграциялау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Барлық спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысқаны және қауіпсіз және қолдау көрсететін оқу ортасын құруға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз. Біз бірге білім алуға қадамдар жасаймыз‼️

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар