28 ақпан күні білім беру сапасын бағалау: PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулерін жүргізу шеңберінде оқушылардың функционалдық ғылыми-жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығын дамыту бойынша мектеп мұғалімдерінің тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Білім беру сапасын бағалау: халықаралық салыстырмалы зерттеулер мектеп тәжірибесінде» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына республиканың 17 облыс және 3 мегаполисінің «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы тренерлері, білім беру жүйесінің педагогтері, мектеп басшылары мен пән мұғалімдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шарада білім беру жүйесіндегі білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендірудің өзекті мәселелері қарастырылып, оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолданудың нақты тәжірибелері көрсетілді.

- 01 Мар
- 2023