«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» АҚ филиалы тренерлері Есмырзаева А.О. және Сейданова Д.А. «PISA халықаралық зерттеуі аясында әдістемелік алаң» тақырыбында әдістемелік көмек көрсетті. Аталған іс-шараға Қ.Сұлтанбеков, Болтай батыр атындағы және Ақыртөбе орта мектептерінің педагогтері мен 9 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға PISA халықаралық зерттеуінде қолданылатын тапсырмалар таныстырылып оларды шешу жолдары көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар бірнеше тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісті.

