Халықаралық конференцияға қатысты

13 сәуір күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби білім беру кафедрасының  меңгерушісі Жұмағалиева Динара Шынболатқызы халықаралық конференцияға спикер ретінде қатысты.  Халықаралық және отандық ғалымдардың басын қосқан  конференцияны  М. Өтемісов атындағы БҚУ Педагогика факультеті Педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырды. Ғылыми-практикалық конференция «Ғалым-методолог, профессор Әлия Мұханбетжанованың ғылыми мектебінің мұрасы және педагогика ғылымының даму перспективалары» тақырыбында өтті.   Іс-шарада Динара Шынболатқызы  «Профессор Ә.М. Мұханбетжанованың бастауыш білім беру мазмұнын жобалауға қосқан үлесі» туралы баяндама жасады.

Конференция барысында педагогика саласының негізін қалаған ұлы тұлғаның өмір жолы, ғылыми мұрасы,  зерттеу бағытындағы ғылыми еңбектері туралы кеңінен айтылды. Саналы ғұмырын педагогика саласына арнаған ұлы тұлғаның  ғылыми мұрасы кейінгі ұрпаққа, студенттер мен магистранттарға  білім сапасын арттыруға үлкен септігін тигізбек.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар