«Өрлеу» Қырғызстан педагогтері үшін 16-20 мамыр аралығында өткізген «Білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістері» атты халықаралық семинар өз мәресіне жетті.
Халықаралық деңгейде өткен семинардың соңғы күні воркшоп форматында өтті. Қатысушы әр педагог апталық семинарда алған біліміне қорытынды жасап, жобаларын түрлі форматта қорғап шықты. Педагогтер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен танысып, мұғалімдердің бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды меңгерді.
Қорытындылай келе Қырғызстан Республикасынан келген педагогтер өз білімдерін кеңейтіп, оқытудың жаңа тәсілдерін зерделеуге көмектесетін білімді алды десе болады. Сондай -ақ, апталық семинардың оқу кезеңі құлшынысқа, кәсіби толқу мен шығармашылық шабытқа толы болды әрі әр қатысушы педагогикалық қызметті жетілдіруде берілген уақытты ұтымды пайдалана білді.
Жиын соныңда филиал директорының м.а. Есжанова Г.М. шет елден келген педагогтерге өз қолымен семинардан өткенін растайтын сертификатты табыстап, ұстаздарға шығармашылық табыс тілеп, қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін, алғыстарын тыңдады.