Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу тәжірибесімен алмасу, халықаралық стандарттар талаптарына сай Қазақстан педагогтарының үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық стандарттарын айқындау мақсатында ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні «Заманауи педагог біліктілігін арттырудың стратегиялық бағдарлары: кәсіби біліктілік арттырудан үздіксіз кәсіби даму жүйесіне дейін» тақырыбында халықаралық онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинар спикелері Эстония мемлекетінің Тарту университетінің Нарва колледжінің көптілді білім беру орталығының жетекшісі – Голубева Анна, Sauwat Strategy-strategy (Сингапур консалтингтік компаниясы) негізін қалаушы және атқарушы директоры-Ахмет Ишмұхамедов, сондай-ақ «Сaravan of knowledge» қорының басшысы Дарын Сайынов бірқатар отандық біліктілік арттыру курстарының авторларымен еркін форматта тәжірибе алмасты.
Семинар барысында Қазақстан, Эстония, Финляндия және Сингапур арасындағы педагогтердің біліктілігін арттыру бағытында педагогтардың кәсіби өсуіне, ұлттық құндылықтар мен функционалдық сауаттылыққа негізделген біліктілік арттыру курстарының мазмұнынын жақсарту, бірлескен халықаралық біліктілік арттыру курстарын әзірлеу туралы жұмыстар барысы қарастырылды. Тәжірибе алмасу және инновациялық тәсілдерді енгізу қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін неғұрлым тиімді білім беру ортасын құру бойынша ұсыныстар айтылды.
Семинарға қатысушылар, халықаралық серіктес ұйымдар педагогтердің біліктілігін арттыру саласында одан әрі ынтымақтастық қажеттілігі туралы келісімге келді, бұл кәсіптік дағдыларды дамытуға және оқытудың тұрақты нәтижелеріне ықпал ететін болады.