Ү.ж. 15 қазан күні «Өрлеу-Жамбыл» Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Арнайы білім беру және әлеуметтік-мәдени интеграция-2024: қоғамдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды интеграциялаудың теориясы мен практикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға Дания, Ресей, Беларусь мемлекеттері, Шешенстан автономиялы республикасынан және Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданы, Сарысу ауданы, Тараз қаласынының арнайы білім беру мамандары қатысты.
Балтық федеральді университетінің маманы Духмина Елена Викторовна, «Инклюзивті және арнайы технологиялар академиясы» директоры Кудеринова Әйгерім, «Асыл-Мирас» Аутизм орталығының директоры Тортаева Эльнура Нургазыевна, №3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернаты, №1 «Өркен» арнайы мектеп-интернаты және Тараз қаласыныцң мектепке дейінгі ұйымдарының арнайы мамандары өз тәжірибелерінде М.Монтессори әдістемесі, BODY PERCUSSION инновациялық әдістемесі, робототехника, STEM технологиясы, Марблс тастары, аутизмі бар балалар логоритмикалық жаттығуларын тиімді ұйымдастыру, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру сияқты құнды тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция қатысушылары өз тәжірибелерінде кездесетін мәселелерді шешуде көптеген сұрақтарына жауап алғандарын баяндады. Бұл конференция әлем бойынша арнайы мамандар үшін нағыз таптырмас тәжірибелік алаңы болды.