«Химиялық реакциялар» тақырыбын оқытуда қолданылатын тиімді әдістер

2023 жылдың 17 сәуірі күні «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Тугелбаева ұйымдастыруымен қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының химия пәні мұғалімдеріне арналған «Химия пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту. 7-9 сыныптардың қиын тақырыптары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы тыңдаушыларымен «Химиялық реакциялар» тақырыбын оқытуда қолданылатын тиімді әдістер атты шебер сынып өтті. Шебер сынып барысында мұғалімнің оқу материалдарын оқыту мен оқушыларға химиялық білімді саналы меңгерту, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап берді. Сондай-ақ Шымкент қаласы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәнінің мұғалімі Айнур Жарылкасынова оқушыға «Химиялық реакциялар» тақырыбын меңгертудегі тиімді әдіс тәсілдерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар