Мамырдың 26-сы Өрлеу-Павлодар аға оқытушысы Жанар Слямова «Химия мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырды.
Іс-шара курстан кейінгі қолдау аясында өтті. Оған 2022 жылы біліктілігін арттырған химия пәнінің 30-ға жуық мұғалімі қатысып, курс барысында алған білімін іс-жүзінде өз жұмысында қалайша қолданғанын, жаңа әдістемелері мен сабақ өткізудің ерекше әдістерімен бөлісті.
Мысалы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Қалым тыңдаушыларды дидактикалық құралдар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдарымен, Баянауыл ауданы Ж. Ағаділов атындағы орта мектеп ұстазы Л. Смагулова жұппен жұмысқа арналға тиімді таратпа материалдарымен, Ақсу қ. Абай атындағы мектеп оқытушысы
Д. Карагатеев оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану жолдарымен, ал Аққулы ауданы Төсағаш мектебінің педагогі Г. Ергазина оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру жолдарымен таныстырып өтті.
Вебинар белсенді, сұрақ-жауап қоюмен болды. Іс-шара қатысушылардың көңілдерінен шықты.