10 ақпан күні Оралдағы “Өрлеу” филиалында химия пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға арналған сараланған тапсырмаларды құрастыру». Спикер:Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының тренері Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы.
Семинар мақсаты:
Мұғалімдерге жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (ЖҒС) түсінігін терең меңгерту;
PISA және TIMSS зерттеулері аясында сараланған тапсырмалар құрастыру әдістерін үйрету
Химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдарын қарастыру
Семинар барысында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың маңызы талқыланды, PISA және TIMSS зерттеулерінің нәтижелері сараланды, химиядағы сараланған тапсырмалар үлгілері талданды, топтық және жеке жұмыс арқылы мұғалімдер тапсырмалар әзірлеп, өзара тәжірибе алмасты.
Облыстың шебер-педагогтері Э.Б.Казиханова мен З.А.Мурзагалиева озық тәжірибелерімен бөлісті. Олар жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған сараланған тапсырмалар құрастыру әдістерін практикалық тұрғыда көрсетіп, тиімді оқыту стратегияларын ұсынды.
Сондай-ақ химия пәнінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған әдіс-тәсілдер талқыланды, PISA форматындағы тапсырмалар мен олардың құрылымы қарастырылды, тәжірибеге негізделген тапсырмалар – оқушылар химиялық құбылыстарды өмірлік жағдайларда зерттеп, қорытынды шығарды.
Мақсатты мектеп аясында негізгі деңгей бойынша біліктіліктерін арттырған курс тыңдаушылары да семинарға белсене қатысты. Олар өз сабақтарында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, ғылыми дәлелдер негізінде шешім қабылдау және функционалдық сауаттылықты арттыру бойынша өз идеяларымен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, кері байланыс беріп, әдістемелік қолдау алды.
Бұл шара химия пәні мұғалімдерінің оқытудағы саралау тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік берді.




