2022 жылдың 1 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, курс жетекшісі Е.С.Давлеткалиева Ақтөбе қаласы, №9 ОМГ-да «Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы аясында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін STEAM технологиясын пайдалану»
тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырды.
Тәжірибелік сабақ барысында Ақтөбе қаласы, №9 ОМГ химия пәні мұғалімдері – М.Н.Колохова, Н.К.Патрасенко, В.М. Конопля STEAM технологиясын пайдалануда сабақтарда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістері мен тәсілдерімен бөлісті.
Курс жетекшісі Е. С. , п.ғ.к., Давлеткалиева педагогтердің терең практикалық және теориялық дағдыларын, олардың жаратылыстану-ғылыми ой-өрісін және әр оқушының жеке ерекшеліктерін анықтай білуін атап өтті
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы Ақтөбе қаласы, №9 ОМГ ұжымына ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.




