2022 жылдың 12-23 қыркүйегі аралығында Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Өрлеу ББЖҚБАРИ тренері Сабиханова Әсел Қайырбековна директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты білім беру процесін цифрландыру жағдайында жобалау мәселелерін талқылау, зерделеу және оның тиімділігін анықтау, білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану мен тыңдаушылардың кәсіби құзіреттілігін дамыту.
Курс тыңдаушылары теориялық білімді оқып қана қоймай, цифрлық білім беру саласында өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік алғанын атап өтті. Сондай-ақ практикалық сабақтардың тиімділігі мен жоғары деңгейі туралы өз әсерлерімен бөлісті.



