2021 жылдың 3 қарашасы күні Ақтөбе қаласы №39 ЖББОМ-інің жас мамандарына арналған «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Мұғалімдерді критериалды бағалау жүйесінің мазмұнымен таныстыру және оны жүзеге асыру жолдарын меңгерту мақсатында жүргізілген семинар мазмұны критериалды бағалауды жүргізудің нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстырудың; критериалды бағалау түрлерімен жұмыстанудың; критериалды бағалауды тәжірибеде қолдануды меңгертудің мәселелерін қамтыды.
Семинар соңында модератор, институттың аға оқытушы, п.ғ.м. К. Рахатованың жетекшілігімен мақсатқа сай ұсыныстар қабылданды.