Цифрлық білім беру ресурстарын оқыту үрдісінде қолдану

2021 жылдың  24 қараша күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Ақтөбе облысы  бойынша  ПҚ БАИ кафедраның аға оқытушысы, магистр Б.З.Асанбайдың ұйымдастыруымен «Цифрлық білім беру ресурстарын оқыту үрдісінде қолдану» тақырыбында  облыстық онлайн семинар өткізілді.

Семинар мақсаты –  цифрлық білім беру ресурстарын оқу үрдісіне қолдануда педагогтардың  кәсіби біліктіліктерін арттыру.

Семинар барысында оқу үрдісінде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану әдістемесі, цифрлық білім беру ресурстарын оқу сапасын арттыруда, өзіндік оқу іс – әрекетін ұйымдастыруда,  білім алушылардың оқу сапасының деңгейін бақылауда қолдану тақырыптары қарастырылды. Google jamboard, Padlet интерактивті тақталарымен жұмыс, learning apps.org, Formulator Tarsia- қосымшаларымен практикалық жұмыстар жүргізілді.

Білім алушылардың оқу сапасының деңгейін бақылауда Google қосымшаларында,  quizizz.com тест құрастырушыларымен жұмыс түрлері ұйымдастырылды.

Өзіндік жұмыстар орындау арқылы педагогтардың практикалық дағдылары қалыптастырылды. Семинар соңында педагогтер Padlet тақтасында ауызша, жазбаша кері байланыстар бере отырып, алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар