Цифрлық педагогика: білім беру басымдықтары

Ақтөбе «Өрлеу» «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қорымен меморандум аясында «Цифрлық педагогика: білім беру басымдықтары» атты ІХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізді.

Конференцияның пленарлық отырысына Ақтөбе «Өрлеу» директоры ф.ғ.к. Н.М.Абишева, кафедраның аға оқытушысы, магистр Б.З.Асанбай қатысып, сөз сөйледі.

Конференция барысында педагогтардың баяндамалары тыңдалып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды және конференциядан алған әсерлерімен бөлісті.  Секция отырысы қатысушылары Zoom платформасы бойынша қосылды.

Конференцияда Шымкент қаласы, Павлодар, Ақтөбе облысының педагогтары қатысып,  бір – бірімен тәжірибе алмасты.

Ақтөбе «Өрлеу»  «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қорына  ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар