Цифрлық технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға немесе сүйемелдеуге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу

Ағымдағы жылдың 25 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының  тренерлері Цой Н.В., Ізбасаров Е.Х., және Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының тренері Худяков Р.В. «Цифрлық технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға немесе сүйемелдеуге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында  шебер – сынып өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – оқу процесін тиімді құру және цифрлық оқу процесін басқару, түрлі интерактивті білім беру ресурстарын құру, тиімді құралдарды мақсатты пайдалану, білім беру процесінің барысы мен нәтижелеріне мониторинг жүргізу. Сонымен қатар, оқушылардың оқу жетістіктерін бақылаудың әртүрлі нысандарын пайдалану, кері байланыс орнату арқылы практикалық іске асыруға дейін педагогикалық қызметті трансформациялау үшін педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту болып табылады.

Іс шара барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты кәсіби даму мен дағдыларды игеру мәселелеріне баса назар аударылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар