Цифрлық трансформациялау жағдайындағы мектептің бағыты

«Өрлеу» ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Комекова С.О. мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» біліктілікті арттыру курсы аясында Астана қаласы «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы» базасында «Цифрлық трансформациялау жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдауда белсенді және инновациялық әдістерді қолдану» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында   мектеп-гимназия директоры Кашаева А.О. мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шокубасова М.А. цифрлық трансформациялау жағдайындағы мектептің жұмысымен таныстырды. Мектептің жұмыс бағыты туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, докторант Жалелов Дәулет келген курс тыңдаушыларына толық ақпарат берді.

Мектеп қазақтың ұлы ақыны Абай есімімен аталғандықтан мектептің миссиясы  мен құндылықтары Абай ілімінен алынған. Мектептің бірінші қабатында «Абай мұражайы» мен «Абайтану» интерактивті кабинеті орналасқан. Мұражай меңгерушісі Алмахан Мұхаметқалиқызы мұражайдың тыныс – тіршілігімен  таныстыра отырып, Абай шығаршылығының  кезеңдеріне тоқталып өтті. «Абайтану» интерактивті кабинетінің меңгерушісі Нұрбол Қасқырбайұлы таныстырған  мектеп мұғалімдерінің заманауи үлгіде жасаған «Абай» электронды оқулығы көптің көңілінен шықты. Жаңа үлгідегі жабдықталған гидропоника кабинеті, STEM лабораториясы, мектеп кітапханасы цифрлық білім беру жағдайындағы мектептің айқын үлгісі екенін байқатты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар