«Шағын жинақталған мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер» тақырыбындағы курс жалғасуда

  Шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту бағытында еліміздің алты өңірінде «Цифрлық технологияларды қолдана отырып, шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Осыған орай, еліміздің алты өңірінде шағын жинақталған мектептердің басшылары мен педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары жүруде. 

      18 қыркүйек күні Оралдағы «Өрлеу» институтында «Шағын жинақталған мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер» тақырыбында курстар басталды. Бұл курста орта білім беру ұйымдарының басшылары біліктіліктерін арттыруда.

       Аталмыш курс білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында ауылдық шағын жинақталған мектеп жетекшілерінің басқарушылық дағдыларын арттыруға бағытталған.  

     Курс барысында педагогтер цифрлық немесе аралас оқыту форматының стратегиялары мен әдістерін; синхронды және асинхронды коммуникацияны;  кері байланыс беру үшін онлайн-сервистерді пайдалана отырып, оқу сабақтарын жоспарлауды меңгереді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар