Шеберлік сынып: цифрлық құзыреттілік

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Тілдік пәндерді оқытуда мұғалімнің цифрлық құзыреттілігін арттырудың тиімді жолдары» атты облыстық шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныбына облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскерлері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Шеберлік сыныбы барысында аға оқытушы С.Қарымбаева тілдік пәндерді оқытудың ерекшеліктері мен мұғалімнің цифрлық құзыреттілігінің өзектілігімен таныстырды. Тәлімгер мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолданылатын жаңа бағдарламалар мен нақты тапсырмаларды ұсынып, оқыту әдістемесі бойынша озық тәжірибелерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар