«Шебер-сыныптар мен демо-сабақтарды өткізу бойынша филиалдар арасында эстафетаны ұйымдастыру» тақырыбындағы вебинар

02.12.2022 ж. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша және Павлодар облысы бойынша филиалдар арасындағы өзара серіктестік жоспарына сәйкес, ПОҚ құрамының оқытушылық шеберлігін арттыру мақсатында «Шебер-сыныптар мен демо-сабақтарды өткізу бойынша филиалдар арасында эстафетаны ұйымдастыру» мақсатында вебинар өткізілді. Вебинарда «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ аға оқытушылары Зульфия Айнабекова «Вопросы по форме ведения краткосрочного плана в рамках НПА МОН РК на примере по обучению русскому языку и литературе», Жанат Райымкулова «Оқушының оқу әрекетін белсендірудің қазіргі амалдары» және Жанар Махатаева «Оқуды жақсарту үшін жылдам оқу техникаларын пайдаланудың маңызы» тақырыптарында шебер-сыныптар өткізді. Вебинарға екі филиалдың ПОҚ құрамы (23 ПОҚ) белсенді қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар