Шебер-сынып «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары»

2023 жылдың 06 желтоқсан күні Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты мен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы бірлесіп «Оқу сауаттылығын дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен нысандары» тақырыбында шебер-сынып өткізді.  Аталмыш шара білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытудағы қиындықтарды  анықтай отырып, мәселелерді шешудің тиімді жолдарын (әдістер мен нысандар) ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.  

Іс-шара басында Шакретова Каламкас Базарбаевна мен аға оқытушы Есентаева Айжан Идрисовна 2022 жылғы PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін алға тарта отырып, оқу сауаттылығын дамытыудың өзектілігіне  тоқталды.   

№185 ЖББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қали Ақыл Самарханұлы 2022 жылғы оқу сауаттылығы бойынша ғылыми сараптама жасап, қатысушыларға  белсенді әрекетте практикалық тапсырмалар орындатып, өз тәжірибесімен бөлісті. №39 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Алматының жыл мұғалімі-2021» байқауының жеңімпазы Аманов Нуржигит Бердибекович оқу сауаттылығын дамытудағы кедергілерді шешуге болатын  идеяларымен бөлсті.   

Шебер-сыныптың жұмысын қорытындылай келе аға оқытушы Ибраева Жанар Мухаметкалиевна оқу сауаттылықты дамытуға байланысты 2024 жылы ұйымдастырылатын  іс-шаралар жоспарымен таныстырды.  

Спикерлер  келген қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелерді шешуге бағытталған  идеялар мен ұсынстар берді. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар