Бүгін ынтымақтастық шеңбері аясында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері Жанар Рзабекқызының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінің жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне арналған «Табысты оқытудың тиімді тәсілдері» тақырыбында шебер сынып өткізілді.
– сабақ мақсатының сабаққа негізделген оқу мақсатына және SMART критерийлеріне сәйкес дұрыс қойылуын;
Филиал тренері Жанар Рзабекқызының жетекшілігімен өткізілген шебер сыныптың мұғалімдердің сабақты жоспарлау мен жобалау кезіндегі туындаған бірқатар мәселелерін шешуге бағытталған мазмұны құнды болды.


