2023 жылдың қырқүйек айының 7 жұлдызында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Л.Қ.Жанысбек, Шымкент қаласы, Қ.Спатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерімен бірлесіп, Тілдер мерекесіне орай «Тілім менің – мақтанышым!» тақырыбындағы апталық бағдарламасына сәйкес «Қиындық туғызған салалар мен сұрақтарды талқылау» тақырыбында шебер-сынып өткізілді. Шебер-сыныпқа 25 мұғалім қатысты. Алдымен, «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатындағы өзгерістерге тоқталып, белгіленген тақырып бойынша «Он басты сөз» тренингі арқылы оқу мен оқытуда қиындық туғызатын салалар мен сұрақтар қатары (ӘТН-мен жұмыс, яғни грамматикалық тақырыптардағы сабақтастықтың жоқтығы, неге оқушылар теорияны жақсы меңгермейді?, оқушыларды оқуға қалай қызықтыруға болады?, саралау, күрделі мақсаттар: психологизмді анықтау, т.б. жекелеген қиындықтар) анықталды. Олардың себеп-салдары қарастырылып, кеңінен талқылау жүргізілді. Шебер-сынып барысында мұғалімдер, прогрессивті ойлау, грамматиканың функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытылуы, күрделі мақсаттар аясында (автор бейнесі, кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі, т.б.) «Креативті матрица», т.б. әдіс-тәсілдер арқылы талдау жасауға және көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды.Обсуждение направлений и вопросов, вызвавших затруднения.

- 08 Сен
- 2023