ШЖМ педагогтеріне арналған курстар тәмәмдалды

Өрлеу-Павлодар филиалында ШЖМ педагогтеріне арналған курстар тәмәмдалды.

Естеріңізге сала кетсек, Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанның алты өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны бастады.

Екі айдың ішінде (тамыз, қыркүйек) шағын жинақталған мектептердің басшылары білім беру жүйесін цифрландыру, білім беру ортасын оқытудың жаңа тәсіліне бейімдеу дағдыларын дамытты. Мұғалімдер цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, дифференциацияны және дараландыруды қолдана отырып сабақ өткізуді үйреніп, онлайн ресурстарды пайдалану бойынша білімдерін жетілдірді.

Бұл курстарға Павлодар өңірінің барлық аудандарының (Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Железин, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты мен Ақсу қ., Екібастұз қ. (ауыл аймақтары) 843 педагогі мен 24 жетекшісі қатысты.

Курс қорытындысы бойынша мектеп дамуының 24 жобасы мен 843 «сандық сабақ» әзірленді.

Оның ішінде физика пәнінен – 126, математика – 275, ағылшын тілі – 207, химия – 108, биология – 127 сандық сабақ сараптамалық бағалаудан өтіп, әзірленді.

Курс тыңдаушысы Май ауданы Май ауылының орта мектеп директоры Раушан Темированың айтуы бойынша курстың олар үшін қолайлы уақытта өтті.

«Курс өте ауқымды, сапалы, толыққанды болды. Алған білім негізінде мектептеріміздің даму жоспарын құрдық, цифрландыру процессін жан-жақтан қарастыра арлдық. Павлолар облысы бұл пилоттық жобаға енгеніне қуаныштымын. Оқу жылы бойы оқу үрдісіне жаңашылдықтарды енгізетін боламыз», – деді мектеп басшысы.

Ендігі жылы ШЖМ цифрландыру бойынша курстарға еліміздің 5000 педагогі қатысады деп жоспарлануда.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар