ШЖМ педагогтерінің кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу

7 сәуір күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы мен Ақтөбе облыстық білім басқармасымен бірлескен жоспарына сәйкес «ШЖМ педагогтерінің кәсіби дамуын әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.

Семинарға аудандық білім бөлімі әдіскерлері, облыстың шағын жинақты мектептерінің директорлары, орынбасарлары, педагогтері қатысты.

Іс-шарада қазipгi шaғын жинaқтaлғaн мeктeп мәсeлeлepi мен дaмy пepспeктивaлapы, БІЛІМ ALL өңірлік жобасы, шағын жинақты мектепте АКТ-ны қолданудың ерекшеліктері, жаңартылған білім беру мазмұнының оқу бағдарламалары бойынша сабақты жоспарлау т.б. қарастырылды. Ақтөбе облысында шағын жинақты ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды жоба бойынша білім беру ұйымдарында ІІ,ІІІ тоқсандағы жүргізілген жұмыстар барысы айтылды. Сондай-ақ әдіскерлер мен ШЖМ педагогтері озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар қорытындысында қатысушылар аталмыш іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, модератор, бас әдіскер Адилханова Маралға, «Өрлеу» Ақтөбе филиалына зор алғыстарын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар