ШЖМ педагогтері сабақты зерттеу үстінде

«Өрлеу» – Жамбыл аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат 19 қаңтар күні Байзақ ауданы Жаңатұрмыс орта мектебі педагогтерінің сұранысы бойынша әдістемелік семинар өтті. Іс-шара барысында мектеп педагогтерінің оқу жылындаға білім беру процесіне талдау жасатып, анықталған кедергілерді алдын алудың тиімді жолдарын жоспарлау ұсынылды.  Семинарда сабақты зерттеу тәсілін тәжірибеде қолданып жүрген әріптестер оқу сапасының жақсаруына, мұғалімдердің оқыту әрекеттеріндегі өзгерістерге, мектептегі зерттеуші мұғалім тұлғасының қалыптасуындағы артықшылықтарға тоқталып өтті. Ал сабақты зерттеу тәсілін енді ғана өз тәжірибелеріне ендіруді бастаған және жоспарлап жүрген мектеп мұғалімдері өз тараптарынан сұрақтар қойып, қызу кәсіби сұхбат жүргізді.

Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар