22 тамыз күні Шымкент қаласында «QYZGALDAQ sarayi» мәдениет сарайының үлкен залында қалалық тамыз конференциясы өтті.
Биылғы тамыз конференциясы еліміздегі білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындайтын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды.
Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков, ардагер ұстаздар, қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер қатысты.
Конференцияға «Білімнің жаңа көкжиегі» келешек мектептері, «Кәсіби бағыт – сенімді таңдау» кәсіби бағдар беру (кәсіпорындар, ТЖКБ ұйымдары), «Сандық білім кеңістігі» цифрлық білім беру платформалары, «ЖИ: Ақылды дәуірге қадам» жасанды интеллект бағыты, «Білімге апарар жол» оқулықтар мен көркем әдебиеттер көрмесі, сонымен қатар жұмыс берушілердің көрмелері ұйымдастырылды.
Пленарлық отырыста ҚР Оқу-ағарту министрі өткен оқу жылындағы білім беру саласының әлемдік және отандық деңгейдегі жетістіктеріне, жүзеге асырылып жатқан нәтижелі жобалар мен бастамаларға, оның ішінде педагогтерді аттестаттаудағы «Ұстаз» палтформасының артықшылықтарына ерекше тоқталды.
Конференцияда білім беру жүйесінің басты міндеттері мен болашақтағы даму бағыттары талқыланып, білім сапасын арттыруға арналған жаңа идеялар мен ұсыныстар ортаға салынып, педагогтердің кәсіби дамуы, білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация, жасанды интеллектті пайдалану, еңбек нарығына қажетті жаңа дағдыларды қалыптастыру және «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру мәселелері қарастырылды.
300-ден астам жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары қатысқан Тамыз кеңесі шеңберіндегі «Білім мен тәрбие – қоғамның қос тұғыры» №2 секциялық отырысы Өрлеу» Шымкент филиалында Бас спикер Кәсіби даму институтының директоры Меруерт Аскарбековнаның «Ұстаз» ұлттық платформасының алғашқы нәтижелері мен 2026 жылға арналған даму перспективалары туралы баяндамасымен басталды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие құндылықтарын білім беру мазмұнында декомпозициялау отырыстағы талқыланған ең өзекті тақырыптың бірі болды.
Республикалық «Жас педагогтер қауымдастығының» төрағасы Муратов Ян Сарсенович өз сөзінде Министрліктің қолдауымен құрылған «Жас педагогтер қауымдастығының» мақсатымен және алдағы жоспарларымен таныстырып, жас педагогті қолдау – бұл ұлттың ертеңіне жасалған инвестиция екенін атап өтті.
2 секция жұмысында “ANT Technology” ЖШС, “BilimLand” ЖШС, “EDUCon” ЖШС, «Күнделік» ЖШС, EdCrunch Academy, Techo Partners ЖШС өкілдері білім беруде ЖИ дамыту, білім беру платформаларының мүмкіндіктері туралы маңызды ақпараттар берді.