Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Рысқұлбекова Құралай Алматы қаласы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?…» атты шығармашылық байқауының қазылар алқасының мүшесі болып қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушы бойындағы туған өлкесіне, қазақ еліне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, әрбір білім алушының Қазақстанға қандай үлес қоса алатындығы туралы ой салу, оқушылардың креативті ойлау деңгейін анықтау, өмірде алған білімдерін қолдана алуға бағыттай отырып, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 9 – 11-сынып оқушылары іріктеліп қатысты.
Қорытындысында байқауға қатысқан оқушылар «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?…» тақырыбында шығарма жазып, белгіленген талаптар тұрғысынан бағаланып, жеңімпаздар анықталды.
