Бүгін «Өрлеу Қызылорда» Youtube арнасында шебер ұстаз Сәуле Шайхсламованың шеберлік сыныбы тікелей эфирде көрсетілді.
Сандық білім беру ресурстары мен жасанды интеллектті тиімді пайдалану арқылы сабақты ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қарастырылып, қатысушылар сандық білім беру контентін қолдану арқылы жобалау дағдыларын жетілдірді.
Шебер ұстаздың шеберлік сыныбы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталып, тың идеялар мен тәжірибелер алмасуға мүмкіндік берді.


