ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН КРЕАТИВТІЛІК – КӘСІБИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАСТАР ЖОЛ

2025 жылғы 27 маусымда «Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ерекше форматтағы облыстық тимбилдинг өткізді. Іс-шара «Шығармашылық пен креативтілік: ортақ құндылықтарға бастар жол» тақырыбында өтті.

Мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, ортақ құндылықтарды айқындау және кәсіби шеберлікті дамыту.

Бағдарламада:

  • «Құндылықтар ағашы» – топтық постер мен коллаж жасау;
  • «3 зат – 1 идея» – тұрмыстық заттардан жаңа өнім ойлап табу;
  • «Құндылық эстафетасы» – құндылықты сипаттап, оны жүзеге асыру жолдарын ұсыну;
  • «Пирамида», «Сенім көпірі» – командалық ынтымақтастық ойындары.

Қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби идеялармен бөлісті. Іс-шара соңында «Эмоция гүлі» рефлексиясы өткізілді. Қатысушылар марапатталып, естелік фотосессия ұйымдастырылды.

Модераторлар: Кошербаева Жулдыз Султановна, Бейсенқұлова Андия Ахбергенқызы, Садибекова Мадина Онгаровна.

Мұндай шығармашылық кездесулер педагогтерге шабыт сыйлап, ұжымдық бірлікті нығайтуға жол ашады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар