Шығармашылық ынтымақтастықты жалғастырамыз

2018 жылы Серікбаев атындағы ШҚТУ “Үлкен Алтай” мұражайы ашылғаннан бастап, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты оның сенімді серіктесі болып келеді.

Жүздеген курс тыңдаушылар мұражай экспозицияларын тамашалады. Оқушылармен зерттеу және жобалау жұмыстарымен айналысу барысында мұражай экспонаттарын қолдануда.

2022 жылғы 9 наурызында ШҚО тарихшыларының бір топ тыңдаушылары мұражай залдарында мұражай экспонаттарының көмегімен зерттеу жұмысын ұйымдастыруға арналған практикалық сабақ өткізді.Тыңдаушылар макеттермен, сирек артефактілермен жұмыс жасады. Сонымен қатар, сандық интерактивті музей технологияларымен танысты.

Биылғы жылы БАИ ұжымы “Үлкен Алтай” мұражайымен бірлесіп,мұғалімдерге арналған “Ежелгі Алтай металлургиясы”атты үлкен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуді жоспарлап отыр.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар