ШҚО педагог-блогерлері “Өрлеуде”

Блогерлер бірігеді: бұл кімдер үшін қажетті?

16 мамырда Өскемен қаласынан келген педагог-блогерлер тобының, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің @three_u_school үлкен кездесуі өтті

Бұл атақты төрттіктің ұраны – “Біз жұмыста жанып кетпей, қалай жандандыруды білеміз”. Сондықтан жұмысқа жаны берілген жас блогерлер “Ұстаздар үйіне” ат басын бұруды шешіпті.

Филиал тренері Мара Мамиеваның қолдауымен Алла Айтпаева, Лидия Фоминых, Людмила Шелепова құрамындағы делегация “Өрлеу” Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Гаухар Сайлаубекқызы Жұмановамен кездесті.

Кездесудің мақсаты – өз идеяларымен бөлісу және филиал басшылығынан ШҚО-да тұңғыш педагог-блогерлер съезі-форумын ұйымдастыруға және өткізуге көмек сұрау.

Бұл идея Гаухар Сайлаубекқызына қатты ұнады, ол осы іс-шараға өз көзқарасын білдіріп, осы форумды өткізуге көмегін аямайтынын айтты.
Бұл осындай диалогтің басы ғана.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар