Ынтымақтастықтағы серіктестік сабақ

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейімен ынтымақтастықта жұмыс жасау жоспарына сәйкес, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы СҚО бойынша филиалы «Өрлеу және мектеп серіктестігіндегі сабақ» жобасы аясында тарих пәні мұғалімі, Жумагалиева Жадыра Сарыбаевна мен  «Өрлеу» СҚО тренері Мүсетаева Гүлмайда Насиевнаның бірлесуімен 9-сыныптағы Қазақстан тарихы пәні бойынша, «Қазақстанның 1997 жылдан бастап экономикалық дамуы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабаққа облыс мектептерінің 25 мұғалімі және «Білім-Инновация» лицейінің пән мұғалімдері қатысты. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты негізінде экономикалық шешімдер мен стратегиялардың халыққа тиімді болуы қажеттігін түсінетін белсенді, елжанды азамат тәрбиелеу құндылығымен ұштастырып, меңгертілді.

Сонымен қатар, оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастыру негізінде ойлау дағдыларының жоғары деңгейінде талдау жұмыстары жасалды. Атап айтсақ, 4 топта тақырып төңірегіндегі негізігі 3 мәселе: Қазақстанның 1997 ж. басталған экономикалық өрлеуін өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, сауда салалары бойынша сипаттады. Экономикадағы жетістіктер мен қиыншылықтарды ажыратып талдау жұмысын жасады. Экономикадағы қиыншылықтарды жаһандық үдерістермен байланыстыра отырып, ұлттық өнімге қатысты жанашырлық позициясын көрсетіп  3 топ өзіне ұсынылған  тәсіл «SWОT» талдау, картамен жұмыс, «түймедақ» арқылы терминдерді талдау жұмысын оқушылар жоғары деңгейде жасай алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар