2023 жылдың 1 ақпанында ШҚО бойынша «Өрлеуге» Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшы Чернышёва Инесса Александровна, Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Махсутова Зейнеп Абдыжусуповна келіп, филиал ұжымымен танысты. Бұл білім басқармасының басшысы Инесса Александровнаның «Өрлеу» ұжымымен алғашқы кездесуі.
Үш мекеме басшыларының басы қосылған шараның негізгі мақсаты – өзара ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.
Алдағы үш жылда осы Келісімге сәйкес мықты әріптестік қарым-қатынас орнап, талай бірлескен жұмыстар атқарылады, облысымыздың білім беру сапасын арттыруға нақты қадамдар жасалатын болады.
Ынтымақтастық тиімді, әрі табысты болады деген сенімдеміз!


