«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты мен Қызылорда қаласындағы Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебімен ынтымақтастықты және сенімді әріптестікті нығайту туралы меморандум жасалды.
Кездесу барысында екіжақты келісім шартқа филиал директоры Бауыржан Елеусінов пен мектеп директоры Анжела Садыкбекова қол қойып, алдағы уақытта оқу-әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісімдер жүргізді.
Меморандум аясындағы өзара ынтымақтастық оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын күшейтуге, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсартуға, ғылыми-зерттеулер жүргізуге, авторлық, әдістемелік құралдар дайындауға бағыт беру және олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіруге бағытталады.
Алдағы уақытта Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты мен Ж.Нұрманов атындағы білім ордасы арасындағы тығыз байланыс жасаудың нәтижесінде білікті мамандардың басшылығымен мектеп педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми жобаларды дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын вебинар, біліктілік арттыру курстары сынды бірқатар маңызды жұмыстар іске асырылатын болады.
Ж.Нұрманов атындағы білім ордасына әріптестеріміздің қатарына қош келіпсіздер дейміз!


